Ақтау қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 "Ақтау қаласы аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-02/2363 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қаңтарда № 26576 болып тіркелді

      Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 "Ақтау қаласы аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3891 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын анықтау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ә. Байпақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтау қалалық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Ақтау қаласының әкімдігі
  2021 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 02-02/2363
  қаулысына қосымша


  Ақтау қаласы әкімдігінің
  2019 жылғы 20 мамырдағы
  №1073 қаулысына
  2 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Ақтау қаласы

2-шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының "Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында.

5-шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында.

6-шағын аудан, №36 үйдің жанында.

8-шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында.

8-шағын аудан, №20 үйдің жанында.

12-шағын аудан, "Мұнайшы" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында.

12а-шағын аудан, "Мечта" сауда үйінің алдында.

26-шағын аудан, "Достық" сауда орталығының жанында.

5-шағын аудан, "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамының №239900 Маңғыстау облыстық филиалы бөлімшесінің ғимараты жанында.

7-шағын аудан, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "№1 Ақтау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанында.

7-шағын аудан, №12 үйдің жанында.

8-шағын аудан, №8 үйдің жанында.

14-шағын аудан, "Қазақтелеком" Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясы акционерлік қоғамы филиалының ғимараты жанында.

27-шағын аудан, №71 үйдің жанында.

24-шағын аудан, "Айби" автожанармай құю бекетіне қарама-қарсы.

11-шағын аудан, №22 үйдің жанында.

28-шағын аудан, "Аман" дүкенінің жанында.

33-шағын аудан, "Дина" сауда үйінің жанында.

16-шағын аудан, "Ақтау" сауда ойын-сауық кешенінің жанында.

9-шағын аудан, "Ардагер" сауда орталығының жанында.

14-шағын аудан, "Астана" сауда ойын-сауық кешенінің жанында.

14-шағын аудан, "Қазпошта" акционерлік қоғамының Манғыстау облыстық филиалының ғимараты жанында.

Ақтау 1, "Ақтау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының ғимаратының жанында.

13-шағын аудан, "Виктория" қонақ үйінің жанында.

29а-шағын аудан, "Нұр Плаза" қонақ үйінің жанында.

4а-шағын аудан, "Каспиан Ривьера" қонақ үйінің жанында.

31-шағын аудан, "Мағаш" базарының жанында.

17-шағын аудан, "Дана" дүкенінің жанында.

2-шағын аудан, "Алатау" сауда орталығының жанында.

 
Өмірзақ ауылы

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "№1 Ақтау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбуллаториясы" ғимаратының жанында.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады