Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалаcы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 138 "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 706 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25896 болып тіркелді

      Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 138 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4470 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Ізғалиевке жүктелсін.";

      орыс тілінде 5 тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ю. Коккозов) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Ізғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласы әкімі М. Ибагаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады