Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 138 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 4470 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифі белгіленсін:

      1) Қалаішілік жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;

      2) Жаңаөзен қаласы - Рахат және Теңге ауылдары бағытында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға – 100 (жүз) теңге мөлшерінде;

      3) Жаңаөзен қаласы - Қызылсай ауылы бағытында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға – 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде.

      2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2017 жылғы 21 тамыздағы № 580 "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3425 болып тіркелген, 2017 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 946 "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 580 "Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3509 болып тіркелген, 2018 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ю. Коккозов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Ізғалиевке жүктелсін.

      Ескерту. 4 тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 10.12.2021 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 5 тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 10.12.2021 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Жаңаөзен қаласы әкімі М. Ибагаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады