Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 37 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 ақпанда № 4459 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 – баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және "Lucent Petroleum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 317 келісімшартқа № 15 толықтыру негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Lucent Petroleum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келісімшарттық аумақ шегінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан ауданы 756,0 гектар және 182,0 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Елемесов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Абилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады