"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 529-бабының 6тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31бабына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейнеу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
4. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Б. Абилов |
Бейнеу ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 11 қазандағы № 316 | |
қаулысымен бекітілген |
Бейнеу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Салық салу объектісінің орналасуы | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Ақжігіт ауылы | 1,9 |
2 | Бейнеу ауылы | 2,0 |
3 | Боранқұл ауылы | 1,9 |
4 | Есет ауылы | 1,9 |
5 | Сам ауылдық округінің Ноғайты ауылы | 1,6 |
6 | Сам ауылдық округінің Сам ауылы | 1,6 |
7 | Сарға ауылы | 1,9 |
8 | Сыңғырлау ауылы | 1,9 |
9 | Тәжен ауылы | 1,8 |
10 | Төлеп ауылы | 1,9 |
11 | Тұрыш ауылы | 1,6 |