Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бейнеу аудандық мәслихатының "Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 30 маусымдағы № 51/413 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4258 болып тіркелген) шешіміне келесі өзерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы";
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы | К. Мансуров |
2021 жылғы 13 желтоқсандағы | |
№ 13/121 шешіміне | |
1 қосымша |
Бейнеу аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 30 маусымдағы | |
№ 51/413 шешіміне | |
1 қосымша |
Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
Бейнеу ауылындағы Д.Тәжіұлы көшесінде орналасқан "Әли Балта" атындағы орталық стадион.
Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: С.Бейбарыс және Д.Тәжіұлы көшелерінің қиылысынан М.Өтемісұлы және Д.Тәжіұлы көшелерінің қиылысына дейінгі автокөлік жолы.
2021 жылғы 13 желтоқсандағы | |
№ 13/121 шешіміне | |
2 қосымша |
Бейнеу аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 30 маусымдағы | |
№ 51/413 шешіміне | |
2 қосымша |
Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4. Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) Бейнеу ауылындағы Д.Тәжіұлы көшесінде орналасқан "Әли Балта" атындағы орталық стадион, шекті толу нормасы 200 адам;
2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: С.Бейбарыс және Д.Тәжіұлы көшелерінің қиылысынан М.Өтемісұлы және Д.Тәжіұлы көшелерінің қиылысына дейінгі автокөлік жолы, шекті толу нормасы 50 адам.
5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Бейнеу ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
2021 жылғы 13 желтоқсандағы | |
№ 13/121 шешіміне | |
3 қосымша |
Бейнеу аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 30 маусымдағы | |
№ 51/413 шешіміне | |
3 қосымша |
Бейнеу ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Бейнеу ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.