Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27˗бабына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бейнеу аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2018 жылғы 2 мамырдағы № 22/188 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3611 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы | К. Мансуров |