"Сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 20 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 шілдеде № 23336 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Қарақия ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2813 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі К. Беков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарақия аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Қарақия ауданы әкімінің
  2021 жылғы 7 шілдедегі
  № 20 шешіміне
  қосымша
  Қарақия ауданы әкімінің
  14 тамыз 2015 жылғы
  № 61 шешіміне
  қосымша

Қарақия ауданы бойынша сайлау учаскелері

№ 145 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-71.

      Шекарасы: Құрық ауылының 1 шағын ауданының үйлері, 2 шағын ауданының № 4-47 үйлері, С.Датұлы, Қ.Сүйеуов, Ардагер көшелерінің барлық тұрғын үйлері.

№ 146 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-45.

      Шекарасы: Құрық ауылының 2 шағын ауданының № 49-55, 100-101, 229-232 үйлері, 3, 3 "а", 4, 5, 9, 10, 13, 14 шағын аудандарының үйлері, Сәтпаев көшесінің № 29-38 үйлері, Маметова көшесінің № 25-49а үйлері, Т.Алиев көшесінің № 29-48 үйлері, Жангельдин көшесінің № 16, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 28а үйлері, С.Әлиев көшесінің № 16-38а үйлері, Абай көшесінің № 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14-28а үйлері, Ш.Уәлиханов көшесінің № 17-28а үйлері, Карьер көшесінің үйлері, Барлаушылар Массиві көшесінің үйлері.

№ 147 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-11-89.

      Шекарасы: Құрық ауылының Жолаушылар массиві көшесінің үйлері, Сәтпаев көшесінің № 1-28 үйлері, Жангельдин көшесінің № 1-14а, 15, 17, 19, 21, 23, 25, 27 үйлері, Маметова көшесінің № 1-24 үйлері, Т.Алиев көшесінің № 1-28а үйлері, С.Әлиев көшесінің 1-14а үйлері, Абай көшесінің № 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13 үйлері, Ш.Уәлиханов көшесінің № 1-14а үйлері, Автобаза, Қазақ ауыл, Авиатор, Сельхоз, Подстанция көшелерінің барлық үйлері, "Ерсай" жұмысшылар кенті, "Жыланды" шекарашылар заставасы, "Песчанный", "Жыланды" техникалық бақылау бекеттері.

№ 148 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қарақия теміржол станциясы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 11 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, В блогы, телефон/факс: 8/72937/ 7-15-40.

      Шекарасы: Қарақия теміржол станциясының, Маңғыстау шағын ауданының барлық үйлері.

№ 149 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мұнайшы ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 5 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 27-2-03.

      Шекарасы: Мұнайшы ауылының Теміржолшы, Ардагер, Арман, Көктем, Бәйтерек шағын аудандарының, Қазақ ауыл көшесінің барлық үйлері, "Асар" жұмысшылар кенті.

№ 150 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мұнайшы ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 7 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 28-2-73.

      Шекарасы: Мұнайшы ауылының Салтанат, Жаңақұрылыс, Акбөбек-1, Акбөбек-2, Мұрагер, Жаңақұрылыс-2, ВПЧ-18 шағын аудандары.

№ 151 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының

      Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. телефон/факс: 8/72937/ 26-2-30.

      Шекарасы: Жетібай ауылының Геофизика, Ш.Ыбырайымұлы, Аэропорт, 2-ауыл шағын аудандарының барлық үйлері.

№ 152 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-41.

      Шекарасы: Жетібай ауылының Астана, Күржіманұлы, Мұнайшы-2 шағын аудандарының барлық үйлері.

№ 153 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-5-51.

      Шекарасы: Жетібай ауылының Мұнайшы-1, Т.Аубәкіров, М.Өскінбаев, Ұлутас, Төлендиев шағын аудандарының барлық үйлері.

№ 154 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жетібай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты. телефон/факс: 8/72937/ 26-1-30.

      Шекарасы: Жетібай ауылының Жаңақұрылыс шағын ауданының барлық үйлері.

№ 155 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-90.

      Шекарасы: Жетібай ауылының Ж.Мыңбаев, Ө.Қалманбетұлы, Т.Әлиев, С.Жанғабылұлы шағын аудандарының барлық үйлері.

№ 156 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сенек ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Сенек ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 31-4-52.

      Шекарасы: Сенек ауылының барлық үйлері.

№ 157 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сенек ауылының Аққұдық елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Аққұдық негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 41-010.

      Шекарасы: Сенек ауылының Аққұдық елді мекенінің барлық үйлері.

№ 158 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бостан ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Бостан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 61-177.

      Шекарасы: Бостан ауылының барлық үйлері.

№ 159 сайлау учаскесі

      Орталығы: Кұланды ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін Құланды мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 71-020.

      Шекарасы: Құланды ауылының барлық үйлері.

№160 сайлау учаскесі

      Орталығы: Болашақ ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 10 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72959/ 42-120.

      Шекарасы: Болашақ ауылының және Бопай елді мекенінің барлық үйлері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады