Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 4/31 "Қарақия ауданы Сенек ауылы және Аққұдық елді мекені бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/113 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қаңтарда № 26453 болып тіркелді

      Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының "Қарақия ауданының Сенек ауылы және Аққұдық елді мекені бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аумақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4533 болып тіркелген) 2021 жылғы 4 мамырдағы № 4/31 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қарақия ауданының Сенек ауылы және Аққұдық елді мекенінің жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалар), бағалау аумақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы";

      шешімнің 1, 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің 1, 3-қосымшаларына сәйкес Сенек ауылы және Аққұдық елді мекенінің жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалар) бекітілсін.";

      2. Осы шешімнің 2, 4-қосымшаларына сәйкес Қарақия ауданы Сенек ауылы және Аққұдық елді мекенінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 2, 4-қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Қалаубай

  2021 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 11/113
  Қарақия аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 4 мамырдағы
  № 4/31 шешіміне 2-қосымша

Сенек ауылының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақтардың №

Бағалау аймақтарының шекараларының сипаттамасы

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері

І

Бірінші аймақ - селитебтік, бұл жерде жеке құрылыстар, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектеп, спорт мектебі, мәдениет үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, аурухана, мешіт, базар, шағын дүкендердің жеке желісі, кафелер, мейрамханалар шоғырланған.

1,5

ІІ

Автожолдарды қоса алғанда, өндірістік жерлер.

1,3

ІІІ

Босалқы аймақ.

1,0

  2021 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 11/113
  Қарақия аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 4 мамырдағы № 4/31
  шешіміне 4-қосымша

Аққұдық елді мекені бойынша бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аумақтардың №

Бағалау аумақтарының шекараларының сипаттамасы

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері

І

Бірінші аймақ - селитебтік, тұрғын, әлеуметтік, коммерциялық, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылыстары, негізгі әкімшілік ғимараттары, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы жерінің бір бөлігі шоғырланған (кезектегі бас жоба бойынша барлық инфраструктуралық жағдайы қамтылып, игерілетін).

1,3

ІІ

Босалқы аймақ - оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері және басқа режимде пайдаланылатын жерлердің бөлігі.

1,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады