Атаусыз шағын ауданға атау беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Қызан ауылы әкімінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 14 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25961 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес, Қызан ауылы халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облысының ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 6 мамырдағы қорытындысының негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қызан ауылындағы № 2 атаусыз шағын ауданға "Сармыс Өтеғұлұлы" атауы берілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызан ауылы әкімі Қ. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады