Таушық ауылының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылы әкімінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 4 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 ақпанда № 4454 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Таушық ауылының халқының пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 1 қарашадағы және 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындыларының негізінде, Таушық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Таушық ауылының атаусыз көшелеріне келесідей атаулар берілсін:

      1) Таушық ауылының солтүстік-батыс жағында орналасқан көшеге Тұрар Жолдыбаевтың есімі;

      2) 4 кварталда орналасқан көшеге (№№79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118 үйлер) Ержігіт Табылғановтың есімі;

      3) 4 кварталда орналасқан көшеге (№№119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149 үйлер) Төлесін Сәменовтің есімі;

      2. "Таушық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман А.Қызылғұл) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және Таушық ауылы әкімінің аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Н. Бақтыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады