Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 299-қ "Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4348 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қарасаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Р. Елтизаров |
Мұнайлы ауданы әкімдігі | |
2021 жылғы 20 желтоқсандағы | |
№ 368-қ | |
қаулысына қосымша | |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 27 қарашадағы | |
№ 299-қ қаулысына қосымша |
Мұнайлы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендердегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1. | Маңғыстау ауылы | |
1.1 | № 1, 1а, 1б, 1в, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 орамдары, Есмәмбет, Шапағат, Оңғарбекұлы көшелері | 2 |
1.2 | Ақеспе, Бозжыра, Шерқала тұрғын үй алаптары | 1,85 |
1.3 | Айрақты тұрғын үй алабы | 1,95 |
1.4 | Бесшоқы тұрғын үй алабы | 1,95 |
2. | Баянды ауылы | 1,8 |
3. | Қызылтөбе ауылдық округі | 2,1 |
4. | Атамекен ауылдық округі | 2 |
5. | Басқұдық ауылдық округі | 1,9 |
6. | Дәулет ауылдық округі | 1,7 |
7. | Батыр ауылдық округі | 1,6 |