Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері тоғыз жүз тоқсан екі, тоғыз жүз тоқсан үш, тоғыз жүз тоқсан төрт, тоғыз жүз тоқсан бес жолдарымен толықтырылсын:
"
992 | Ашутасты өзенінің учаскесі | 70 | Арқалық қаласы |
993 | Әулиекөл котлованы | 2 | Қамысты |
994 | Ольгинка котлованы | 5 | Қамысты |
995 | № 3 тоған | 6 | Қарабалық |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |