"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы | А. Мурзабекова |
Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы | Н. Утеулин |
Мәслихаттың | |
2021 жылғы 21 маусымдағы | |
№ 65 шешіміне | |
қосымша |
Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін, Қостанай облыстарындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін айқындау:
1) бастапқы жарна сомасынан 90 пайызы, бірақ әлеуметтік көмек түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды;
2) бастапқы жарна сомасынан 50 пайызы, бірақ әлеуметтік қолдау түрінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалады.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттарының тізбесі:
1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттары;
2) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында, сондай-ақ кен өндіру, ауыл шаруашылығы салаларындағы еңбек қызметін жүзеге асырушы қажетті мамандар.