"Қостанай облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 563 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 327 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 шілдеде № 23525 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 563 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6193 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады