Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы" 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9499 болып тiркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің 2 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері:
Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде;
Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде айқындалсын.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |