Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 231 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 ақпанда № 9756 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында жер учаскелеріне қауымдық сервитут осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметов

  Әкімдіктің
2021 жылғы 11 ақпандағы
№ 231 қаулысына
қосымша

      1. "Су бұру тораптарын жүргізу мен пайдалану үшін "Батыс" 220/110/10 киловольт қосалқы станциясын салу", Қостанай қаласы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,4067 гектар;

      2. "Сумен жабдықтау тораптарын жүргізу мен пайдалану үшін "Батыс" 220/110/10 киловольт қосалқы станциясын салу" Қостанай қаласы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,3129 гектар;

      3. "220 киловольт Әуе желісін жүргізу мен пайдалану үшін "Батыс" 220/110/10 киловольт қосалқы станциясын салу" Қостанай қаласы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,6272 гектар;

      4. "220 киловольт Әуе желісін жүргізу мен пайдалану үшін "Батыс" 220/110/10 киловольт қосалқы станциясын салу" Қостанай қаласы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,5199 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады