Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 537 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 9841 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне коммуналдық, инженерлік желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында, Қостанай қаласында орналасқан жер учаскелеріне келесі объектілер бойынша қауымдық сервитут белгіленсін:

      "Инженерлік коммуникациялар құрылысы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына электрмен жабдықтау, жалпы алаңы 0,0414 гектар;

      "Инженерлік коммуникациялар құрылысы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына су құбыры және кәріз, жалпы алаңы 0,0051 гектар;

      "Инженерлік коммуникациялар құрылысы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына су құбыры және кәріз, жалпы алаңы 0,0042 гектар.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады