"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Рудный қалалық мәслихатының "Сот шешімімен қоммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 184 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7416 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысы | С. Байгужин |