Лисаков қаласы әкімінің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 5 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қыркүйекте № 24404 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Лисаков қаласы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2011 жылғы 15 қарашадағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-192 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Лисаков қаласының және Октябрь кентінің аумағында сайлау учаскелері құрылсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Лисаков қалалық

      сайлау комиссиясы

  Лисаков қаласы әкімінің
  2021 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 1 шешіміне
  қосымша
  Әкімнің
  2011 жылғы 15 қарашадағы
  № 5 шешіміне
  қосымша

Лисаков қаласының және Октябрь кентінің аумағындағы сайлау учаскелері

      № 111 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 6-шағын аудан, № 39, 40, 41, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52 үйлері; 7-шағын аудан, № 4, 7, 8, 9, 12, 17, 48 үйлері; 11-шағын аудан, № 17, 18, 19 үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 6-шағын аудан, № 56 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      № 112 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 6-шағын аудан, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 53 үйлері; 11-шағын аудан, № 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 29 үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 6-шағын аудан, № 53 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жатақханасының ғимараты.

      № 113 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 6-шағын аудан, № 12, 13, 15, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35 үйлері; 6а шағын аудан, № 3, 5, 6, 8 үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 6-шағын аудан, № 38 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің № 6 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 114 сайлау учаскесi

      Октябрь кентiнiң шекараларында: Абай, Алматы, Буденный, Набережная, Степная, Тобольская, Уральская, Целинная көшелерi, Горький көшесі, № 26-дан 99-ға дейінгі үйлер.

      Орналасқан жері: Октябрь кенті, Горький көшесі, № 28 үй, "Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Россия" мәдениет үйі" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      № 116 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 1-шағын аудан, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 26 үйлері; өнеркәсiп аймағы, № 1, 2, 3 үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 1-шағын аудан, № 41 үй, Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 117 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 1-шағын аудан, № 8, 16а, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 47, 48, 49, 50, 52, 53, 54, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 67, 69, 70, 71 үйлері; 6а шағын аудан, № 1, 2 үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 1-шағын аудан, № 27 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 118 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 2-шағын аудан, № 14, 15, 17, 18, 21, 22, 26, 27 үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 2-шағын аудан, № 28 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 119 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 2-шағын аудан, № 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10 үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 2-шағын аудан, № 8 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 120 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 3-шағын аудан, № 15, 16, 17, 18, 19, 20 үйлері; 4-шағын аудан, № 9, 12, 13, 24, 34, 37 үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, Мир көшесі, № 32 үй, "Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық мәдениет және спорт орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      № 121 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 3-шағын аудан, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 21, 22 үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 3-шағын аудан, № 23 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің № 3 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 122 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 4-шағын аудан, № 1, 2, 4, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 30 үйлері; 12, 13, 13а, 14, 15, 23, 24 шағын аудандары.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 4-шағын аудан, № 23 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің № 4 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 123 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 5-шағын аудан, № 4, 6, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 28а үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 5-шағын аудан, № 11 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 124 сайлау учаскесі

      Лисаков қаласының шекараларында: 5-шағын аудан, № 1, 2, 3, 5, 7, 8, 9 үйлері; 4-шағын аудан, № 5, 6, 7, 8 үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, 5-шағын аудан, № 11 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты ("Орфей" аула клубы).

      № 125 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: 4-шағын аудан, № 10, 11, 14, 35, 36 үйлері.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, Мир көшесі, № 31 үй, "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 126 сайлау учаскесi

      Лисаков қаласының шекараларында: "Больничный городок" шағын ауданы.

      Орналасқан жері: Лисаков қаласы, Больничный көшесі, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Лисаков қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты.

      № 127 сайлау учаскесi

      Октябрь кентiнiң шекараларында: Горький көшесі, № 1-ден 25-ке дейінгі үйлер, Горная, Жастар, Омаров көшелерi; Майлин, Спортивный, Дудин тұйық көшелері.

      Орналасқан жері: Октябрь кенті, Горький көшесі, № 10 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің Октябрь жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады