"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) - тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының № 01-20/65 ұсынысы негізінде Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімі ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылында орналасқан Урбанович Валерий Иванович шаруа қожалығы аумағындағы ірі қара малдың құтуру ауруының пайда болуы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 6 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9907 болып тіркелген).
3. "Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Ауыл әкімі | В. Урбанович |