Амангелді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 22 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 ақпанда № 9787 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Амангелдi аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Амангелді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Д. Есмагамбетова
      Амангелді аудандық мәслихатының хатшысы К. Кеделбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады