"Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 қарашада № 24981 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округі әкімінің "Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 мамырдағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8487 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Амангелді ауданының Үрпек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үрпек ауылдық округінің әкімі Г. Жакибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады