"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 7 шілдедегі № 01-23/370 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Қосағал ауылы аумағындағы шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Диев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9668 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Диев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Диев ауылдық округінің әкімі | М. Досмурзин |