Әкімдіктің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 122 "Денисов ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 20 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 қаңтарда № 9729 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денисов ауданы әкімдігінің "Денисов ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн бекіту туралы" 2018 жылғы 13 шілдедегі № 122 қаулысына (2018 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Б. Нургалиев

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 20 қаңтардағы
  № 20 қаулысына
  қосымша
  Әкімдіктің
  2018 жылғы 13 шілдедегі
  № 122 қаулысына
  қосымша

Денисов ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерi

№ р/с

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

1

KP-DS-1

"Денисовка-Заәйет"

2

KP-DS-2

"Денисовка-Некрасовка"

3

KP-DS-3

"Денисовка-Денисовка станциясы"

4

KP-DS-4

"Заәйет-Жалтыркөл"

5

KP-DS-5

"Заәйет-Әйет"

6

KP-DS-6

"Денисовка-Гришенка"

7

KP-DS-7

"Заәйет-Свердловка"

8

KP-DS-8

"Заәйет-Фрунзенское"

9

KP-DS-9

"Денисовка-Алшан"

10

KP-DS-10

"Свердловка-Подгорное"

11

KP-DS-11

"Приреченка-Аршалы"

12

KP-DS-12

"Аршалы-Набережное"

13

KP-DS-13

"Қырым-Озерное"

14

KP-DS-14

"Перелески-Қырым"

15

KP-DS-15

"Денисовка-Покровка"


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады