Денисов ауданы Тельман ауылдық округі Антоновка ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 2 және Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2021 жылғы 3 наурыздағы № 18 бірлескен қаулысы және шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 наурызда № 9809 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Денисов ауданының Тельман ауылдық округі Антоновка ауылының шекарасына (шегіне) босалқы жерден жалпы алаңы 1859,0 гектар жер учаскесін қосу арқылы, оның шекарасы (шегі) өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушысы Д. Жакупов
      Кезектен тыс сессиясының төрағасы, Денисов аудандық мәслихатының хатшысы А. Мурзабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады