"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін аткарушының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 01-27/827 ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі Покровка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Покров ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 24 тамыздағы № 3 шешімінің (2020 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9411 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Покров ауылдық округінің әкімі | К. Игламова |