Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 ақпанда № 9773 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шукыркол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу үшін Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 738,1 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады