Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 1 "Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 шілдеде № 23339 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің "Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 18 шілдедегі № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8589 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім оның ресми жарияланғаннан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тоқтаров ауылдық округінің әкімі А. Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады