Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 8589 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 29.06.2021 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі Тоқтаров ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 2,0088 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады