Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 9715 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы" (әуе желісі-500 киловольт Жітіқара-Өлке) объектісі бойынша өңіраралық электр таратудың желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,5083 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қамысты ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Г. Бекмухамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады