Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 14.11.2023 № 105 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 352, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9443 болып тіркелген шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7- тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс Күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Куламбаева |
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы | С. Кстаубаева |