Әкімнің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 1 "Қамысты ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25731 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Аудан әкімінің "Қамысты ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9077 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасыны Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешімнің оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданының әкімі Г. Бекмухамедов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қамысты аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Әкімнің
  2021 жылғы 8 желтоқсандағы
  № 3 шешіміне
  қосымша
  Әкімнің
  2020 жылғы 3 сәуірдегі
  № 1 шешіміне
  қосымша

Қамысты ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

      1. № 393 сайлау учаскесі

      Жайылма ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Жайылма ауылы, Ленин көшесі, 3 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Жайылма негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      2. № 394 сайлау учаскесі

      Клочков ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Клочков ауылы, Титов көшесі, 1 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Клочков жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      3. № 395 сайлау учаскесі

      Арқа ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Арқа ауылы, Школьный көшесі, 17 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Краснооктябрь жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      4. № 396 сайлау учаскесі

      Ливанов ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Ливанов ауылы, Комсомольская көшесі, 19 ғимарат, 2 блогы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Ливанов негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      5. № 399 сайлау учаскесі

      Қамысты ауылының шекараларында, көшелер: Журавлев, Строительная, Мазукаев, Парковая, Школьная, Транспортная, Свердлов, Одесская, Ленин, Киев, Банная, тұйық көшелер: Строительный, Парковый, Ленин.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ленин көшесі, 16 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің № 1 Қамысты жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      6. № 400 сайлау учаскесі

      Қамысты ауылының шекараларында, көшелер: Кооператор, Коммунальная, Декабристов, Гумилев, Энергетиков, Абай, Маяковский, Степная, Горький, Әуезов, Уәлиханов, Косма, Маякская, Южная, тұйық көшелер: Коммунальный, Энергетиков, Әуезов, Мешіт ауылы.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Косма көшесі, 19, "Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қамысты аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      7. № 404 сайлау учаскесі

      Талдыкөл ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Талдыкөл ауылы, Октябрьская көшесі, 13 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Талдыкөл негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      8. № 405 сайлау учаскесі

      Орқаш ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Орқаш ауылы, Центральная көшесі, 9 ғимарат.

      9. № 406 сайлау учаскесі

      Алтынсарин ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылы, Школьная көшесі, 7 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      10. № 407 сайлау учаскесі

      Қарабатыр ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Қарабатыр ауылы, Школьная көшесі, 21 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Қарабатыр жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      11. № 408 сайлау учаскесі

      Аралкөл ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Аралкөл ауылы, Школьная көшесі, 2 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданының білім бөлімінің Бестау бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      12. № 409 сайлау учаскесі

      Бестөбе ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Бестөбе ауылы, Школьная көшесі, 1А үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Бестөбе жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      13. № 411 сайлау учаскесі

      Фрунзе ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Фрунзе ауылы, Калинина көшесі, 2 ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Фрунзе бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      14. № 413 сайлау учаскесі

      Адаевка ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Адаевка ауылы, Школьная көшесі, 5 үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Адай жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      15. № 414 сайлау учаскесі

      Дружба ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Дружба ауылы, Школьная көшесі, 14 ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Дружба негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      16. № 416 сайлау учаскесі

      Қамысты ауылының шекараларында, көшелер: Северная, Карл Маркс, Ержанов, Досжанов, Дорожная, 60 лет Октября, 10 лет Целины, Құдайқұлов, Советская, Гагарин, 50 лет Октября, Новая, тұйық көшелер: 60 лет Октября, Гагарин, 50 лет Октября.

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ленин көшесі, 33 құрылыс, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің № 2 Қамысты жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      17. № 865 сайлау учаскесі

      Учаскенің орналасқан жері: Қамысты ауданы, Красногор ауылы, Степная көшесі, 29 үй, Красногор мектебінің ғимараты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады