Әкімдіктің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 23 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 181 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қаңтарда № 26456 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2015 жылғы 23 ақпандағы № 23 қаулысына, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5414 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қауылының қосымшасы осы қауылының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты ауданының әкімі Г. Бекмухамедов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қамысты аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 13 желтоқсандағы
  № 181 қауылысына
  қосымша
  Әкімдіктің
  2015 жылғы 23 ақпандағы
  № 23 қаулысына
  қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Адаевка ауылы

Школьная көшесі (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Адай жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

2

Алтынсарин ауылы

Школьная көшесі (ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының сол жағында), Октябрьская көшесі (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Алтынсарин дәрігерлік амбулаториясы" ғимаратының алды)

3

Аралкөл ауылы

Школьная көшесі (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданының білім бөлімінің Бестау бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

4

Арқа ауылы

Торговая көшесі ("Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

5

Бестөбе ауылы

Абай көшесі ("Бестөбе-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық кеңсесі ғимаратының алды)

6

Дружба ауылы

Школьная көшесі (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Дружба негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

7

Қамысты ауылы

Ленин көшесі (Универмаг ғимаратына қарама-қарсы), Құдайқұлов көшесі ("Рахат" дүкені ғимаратының алды), Ержанов көшесі ("Детский мир" дүкені ғимаратының алды)

8

Қарабатыр ауылы

Комсомольская көшесі (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Қарабатыр фельдшерлік - акушерлік пункті" ғимаратының оң жағында)

9

Клочков ауылы

Учительская көшесі ("Алтынсарин" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратына қарама-қарсы)

10

Красногор ауылы

Парковая көшесі ("Тагиров У.М." жеке кәсіпкердің азық-түлік дүкені ғимаратының алды)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады