2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қамысты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі" мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы" (әуе желісі-500 киловольт "Жітіқара – Өльке") объектісі бойынша өңіраралық электр таратудың желісін жүргізу пайдалану мақсатында Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округі Мешітті ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0035 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы | А. Наурызбаев |