Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 сәуірде № 9847 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімінің 05.08.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Қарабалық ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Салмағамбетовқа Қайрат Хаирбекұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 23 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратылады.

      Әкім Н. Утегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады