Қарабалық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 114 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 206 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қыркүйекте № 24485 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 114 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6985 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Р. Халыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады