"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 01-24/89 ұсынысы негізінде Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты:
1) Қарасу ауылы мына мекенжайлар бойынша: Автомобилистов көшесі, 6 – үй, 2 - пәтер, Анищенко көшесі, 35 – үй, 2 - пәтер, В-Комсомольская көшесі, 10 - құрылыс, Дорожников көшесі, 4 – үй, 1 - пәтер, Исакова А көшесі, 36 - үй, Калинина көшесі, 9 - үй, Калинина көшесі, 10 – үй, 1 - пәтер, Комсомольская көшесі, 9 - үй, Мирная көшесі, 11 - үй, 1 - пәтер, Набережная көшесі, 10 – үй, 1 - пәтер, Набережная көшесі, 26 - үй, Привокзальная көшесі, 4 – үй, 2 - пәтер, Пролетарская көшесі, 3 - үй, 2 - пәтер, Пролетарская көшесі, 4 - үй, 2 - пәтер, Рабочая көшесі, 9 – үй, 2 - пәтер, Рабочая көшесі, 16 - үй, 2 - пәтер, Рамазанова көшесі, 25 – үй, 1 - пәтер, Рамазанова көшесі, 110 – үй, 1 - пәтер, Химиков көшесі, 1 - үй, 2 - пәтер;
2) Восток ауылы мына мекенжайлар бойынша: Комсомольская көшесі, 11 – пәтер, 1 - пәтер, Мира көшесі, 28 – үй, 1 - пәтер, Набережная көшесі, 9 - үй, Новая көшесі, 4 – үй, 2 - пәтер, Новая көшесі, 6 - үй, Новая көшесі, 13 - үй, Октябрьская көшесі, 8 - үй, 1 - пәтер, Октябрьская көшесі, 10 – үй, 1 - пәтер, Пушкина көшесі, 8 - үй, Пушкина көшесі, 10 - үй, Садовая көшесі, 26 - үй, Северная көшесі, 14 – үй, 2 - пәтер, Северная көшесі, 16 - үй, 2 - пәтер, Степная көшесі, 2 – үй, 1 - пәтер, Степная көшесі, 9 - үй, Степная көшесі, 20 - үй шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Әкімнің "Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 26 қарашадағы № 14, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9599 болып тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауылдық округінің әкімі | С. Магзумов |