Әкімдіктің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 218 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 100 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 шілдеде № 23566 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 218 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8847 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Радченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады