Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 маусымда № 23135 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округі әкімінің 05.01.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Занының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2021 жылғы 19 мамырыңдағы № 01-27/213 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округіның Молодежный ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының Департаменті Меңдіқара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінде қамтамасыз ету:

      1) Қазақстан Республикасының әділет Министірлігіне осы шешімді мемлекеттік тіркелу;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алешин ауылдық округінің әкімі Е. Бекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады