Шектеу іс - шараларын тоқтату Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қаңтарда № 26442 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Занының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Меңдіқара ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 01-27/550 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округінің Молодежное ауылының жеке секторының аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс – шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 2 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23135 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алешин ауылдық округінің әкімі Е. Бекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады