Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің 01.10.2021 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 01-20/57 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі Қарамеңді ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты:
Қарамеңді ауылы мына мекенжайлар бойынша: Уәлиханов көшесі, 11 үй, 2 пәтер, Автомобилистер көшесі, 10 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 12 үй, 2 пәтер, Автомобилистер көшесі, 13 үй, 2 пәтер, Автомобилистер көшесі 17 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 19 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 2 үй, Автомобилистер көшесі, 6 үй, 1 пәтер, К.Алин көшесі, 19 үй, 1 пәтер, Амангелді көшесі, 49 үй, 2 пәтер, Баймағамбетов көшесі, 1А үй, 1 пәтер, Жансүгіров көшесі, 1 үй, 1 пәтер, Майлин көшесі, 1 үй, 2 пәтер, Б.Момышұлы көшесі, 8 үй, 2 пәтер, Победы көшесі, 8 үй, 2 пәтер, Сәтпаев көшесі, 19 үй, 2 пәтер, Сәтпаев көшесі, 20 үй, Сәтпаев көшесі, 37 үй, 2 пәтер, Сәтпаев көшесі, 9 үй, 1 пәтер, Строительная көшесі, 3 үй, 1 пәтер, Чапаев көшесі, 30 үй, 1 пәтер, Шақшақ Жәнібек көшесі, 12 үй, Шақшақ Жәнібек көшесі, 17 үй, 2 пәтер шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Науырзым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарамеңді ауылдық округінің әкімі | С. Байдильдинов |