"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 01-20/227 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі Қарамеңді ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын:
Қарамеңді ауылы мына мекенжайлар бойынша: Абылай хан көшесі, 41 үй, Қазбек би көшесі, 19.
2. Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі № 9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23584 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім Казақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарамеңді ауылдық округінің әкімі | Н. Жапбасбаев |