Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 шілдеде № 23696 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің 19.11.2021 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 01-20/176 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін:

      Буревестник ауылы мына мекенжайлар бойынша: Молодежная көшесі, 16 үй, Озерная көшесі, 1 үй, Набережная көшесі, 47 үй.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Науырзым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Казақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Буревестник ауылы әкімінің міндетін атқарушы Е. Ганина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады