Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылы әкімінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1 "Жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылы әкімінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24372 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. "Жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы" Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолақсай ауылы әкімінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8466 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Науырзым ауданы Шолақсай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шолақсай ауылының әкімі К. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады