Мәслихаттың 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 390 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 26 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 9878 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 28.11.2023 № 102 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 390 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9624 болып тіркелген шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы В. Пивоварова
      Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы К. Базарбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады