Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 220 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 277 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25286 болып тіркелді

      Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Таран ауданы әкімдігінің "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 220 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      реттік нөмірлері 2, 8, 19-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2.

Асенкритовка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Асенкритов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

      ";

      "

8.

Қайыңдыкөл ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Е. Омаров атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

      ";

      "

19.

Щербиновка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Щербинов негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

      ".

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі К. Муржакупов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейімбет Майлин ауданының

      аумақтық сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады