Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 198 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шілдеде № 23591 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына, "Құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Федоров ауданы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 356 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8237 болып тіркелген);

      2) "Әкімдіктің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 356 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 12 тамыздағы № 201 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9371 болып тіркелген).

      3. "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Исабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Федоров аудандық

      мәслихаты

  Әкiмдіктің
  2021 жылғы "16" шілдедегі
  № 198 қаулысына
  қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімше басшысы, параклиникалық бөлімшенің (зертхананың) меңгерушісі;

      3) мейіргер;

      4) емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

      5) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      6) медициналық тіркеуші;

      7) зертханашы (медициналық);

      8) тіс дәрігері (дантист);

      9) әлеуметтік қызметкер;

      10) психолог маман;

      11) провизор (фармацевт);

      12) диеталық мейіргер;

      13) рентген зертханашысы;

      14) акушер;

      15) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      16) фельдшер;

      17) кеңейтілген практика мейіргері.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) ауданның Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      8) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.

      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      4) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі;

      5) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);

      6) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      7) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      8) музыкалық жетекші;

      9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      10) кітапханашы;

      11) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      12) дыбыс режиссері;

      13) аккомпаниатор;

      14) хормейстер;

      15) библиограф;

      16) хореограф;

      17) режиссер.

      4. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) әдіскер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады