Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 185 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 281 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25496 болып тіркелді

      Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 185 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7113 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 24 қарашадағы
  № 281 қаулысына
  қосымша
  Әкiмдіктің
  2017 жылғы "22" мамырдағы
  № 185 қаулысына
  қосымша

Федоров ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері

      1. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 3, 11 пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 92 (тоқсан екі) тиын мөлшерінде.

      2. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 5 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 13 (он үш) теңге 01 (бір) тиын мөлшерінде.

      3. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 7, 15 пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 43 (қырық үш) тиын мөлшерінде.

      4. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 8, 16 пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 02 (екі) тиын мөлшерінде.

      5. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 9 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 19 (он тоғыз) теңге 77 (жетпіс жеті) тиын мөлшерінде.

      6. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 10 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 97 (тоқсан жеті) тиын мөлшерінде.

      7. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 14 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 10 (он) теңге 93 (тоқсан үш) тиын мөлшерінде.

      8. Федоров ауылы, Б. Климов көшесі, 70 үй, 4 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 39 (отыз тоғыз) теңге 47 (қырық жеті) тиын мөлшерінде.

      9. Федоров ауылы, Б. Климов көшесі, 15 үй, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 89 (сексен тоғыз) теңге 77 (жетпіс жеті) тиын мөлшерінде.

      10. Федоров ауылы, Жастар көшесі, 26 үй, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 111 (бір жүз он бір) теңге 27 (жиырма жеті) тиын мөлшерінде.

      11. Федоров ауылы, Жастар көшесі, 28 үй, 3 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 109 (бір жүз тоғыз) теңге 19 (он тоғыз) тиын мөлшерінде.

      12. Федоров ауылы, Кравцов көшесі, 59 үй, А пәтері, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 30 (отыз) теңге 56 (елу алты) тиын мөлшерінде.

      13. Федоров ауылы, Кравцов көшесі, 59 үй, Б, В пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 30 (отыз) теңге 78 (жетпіс сегіз) тиын мөлшерінде.

      14. Федоровка ауылы, Карл Либкнехт көшесі, 20 үй, 12 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 42 (қырық екі) теңге 05 (бес) тиын мөлшерінде.

      15. Федоров ауылы, Мелехов көшесі, 67 үй, 2 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 26 (жиырма алты) теңге 79 (жетпіс тоғыз) тиын мөлшерінде.

      16. Федоров ауылы, Фрунзе көшесі, 50 үй, 2 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 27 (жиырма жеті) теңге 66 (алпыс алты) тиын мөлшерінде.

      17. Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 11 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 45 (қырық бес) теңге 98 (тоқсан сегіз) тиын мөлшерінде.

      18. Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 12 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 43 (қырық үш) теңге мөлшерінде.

      19. Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 14 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 56 (елу алты) теңге 70 (жетпіс) тиын мөлшерінде.

      20. Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 15 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 42 (қырық екі) теңге 95 (тоқсан бес) тиын мөлшерінде.

      21. Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 16 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 45 (қырық бес) теңге 93 (тоқсан үш) тиын мөлшерінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады