Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 185 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 маусымда № 7113 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 281 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7232 нөмірімен тіркелген) Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 281 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Әкімдіктің
2017 жылғы 22 мамыр № 185
қаулысына қосымша

Федоров ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 281 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 3, 11 пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 92 (тоқсан екі) тиын мөлшерінде.

      2. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 5 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 13 (он үш) теңге 01 (бір) тиын мөлшерінде.

      3. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 7, 15 пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 43 (қырық үш) тиын мөлшерінде.

      4. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 8, 16 пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 02 (екі) тиын мөлшерінде.

      5. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 9 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 19 (он тоғыз) теңге 77 (жетпіс жеті) тиын мөлшерінде.

      6. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 10 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 12 (он екі) теңге 97 (тоқсан жеті) тиын мөлшерінде.

      7. Федоров ауылы, Абай көшесі, 27 үй, 14 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 10 (он) теңге 93 (тоқсан үш) тиын мөлшерінде.

      8. Федоров ауылы, Б. Климов көшесі, 70 үй, 4 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 39 (отыз тоғыз) теңге 47 (қырық жеті) тиын мөлшерінде.

      9. Федоров ауылы, Б. Климов көшесі, 15 үй, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 89 (сексен тоғыз) теңге 77 (жетпіс жеті) тиын мөлшерінде.

      10. Федоров ауылы, Жастар көшесі, 26 үй, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 111 (бір жүз он бір) теңге 27 (жиырма жеті) тиын мөлшерінде.

      11. Федоров ауылы, Жастар көшесі, 28 үй, 3 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 109 (бір жүз тоғыз) теңге 19 (он тоғыз) тиын мөлшерінде.

      12. Федоров ауылы, Кравцов көшесі, 59 үй, А пәтері, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 30 (отыз) теңге 56 (елу алты) тиын мөлшерінде.

      13. Федоров ауылы, Кравцов көшесі, 59 үй, Б, В пәтерлер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 30 (отыз) теңге 78 (жетпіс сегіз) тиын мөлшерінде.

      14. Федоровка ауылы, Карл Либкнехт көшесі, 20 үй, 12 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 42 (қырық екі) теңге 05 (бес) тиын мөлшерінде.

      15. Федоров ауылы, Мелехов көшесі, 67 үй, 2 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 26 (жиырма алты) теңге 79 (жетпіс тоғыз) тиын мөлшерінде.

      16. Федоров ауылы, Фрунзе көшесі, 50 үй, 2 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 27 (жиырма жеті) теңге 66 (алпыс алты) тиын мөлшерінде.

      17. Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 11 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 45 (қырық бес) теңге 98 (тоқсан сегіз) тиын мөлшерінде.

      18. Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 12 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 43 (қырық үш) теңге мөлшерінде.

      19. Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 14 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 56 (елу алты) теңге 70 (жетпіс) тиын мөлшерінде.

      20. Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 15 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 42 (қырық екі) теңге 95 (тоқсан бес) тиын мөлшерінде.

      21. Федоров ауылы, Юнацкий көшесі, 47 үй, 16 пәтер, жалпы алаңы бір шаршы метрі үшін айына 45 (қырық бес) теңге 93 (тоқсан үш) тиын мөлшерінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады